Қоғам

Оқушылар лагерьде де тіл үйренеді

Мектеп оқушылары қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде, аула клубтарында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеретін болады. Бұл туралы жаңа оқу бағдарламасы жөнінде өткен кеңесте аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

– Бағдарлама таяудағы екі жылға арналған және еркін атмосферада балалардың сөйлеу дағдысын жасына сай дамытуға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімі. – Оны құрастыруға тілтанушы педагогтар ғана емес, сондай-ақ психологтар, тәрбиешілер, волонтер-студенттер тартылады. Оқытудың коммуникативтік ойын, конкурс, викторина, шығармашылық шеберхана, дебат клубы сияқты түрлі формалары қарастырылмақ.

Осы жазда облыста 35 қала сыртындағы, 475 мектеп жанындағы лагерь, сондай-ақ балалардың жазғы демалысына арналған 485 өзге алаң (аула клубтары, үйірмелер, секциялар) жұмыс істейді.

Бағдарламаны іске асыру шілдеде басталады, ал келер жылы ол лагерьдің барлық маусымында жұмыс істейтін болады.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button