
Облыстық мәслихат депутаты Қанат Оспанов «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Білім күнінде «Мектепке – жол» акциясы аясында Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы, С.Ғаббасов атындағы мектептің алғаш 1 сыныпқа барған 44 оқушысын 550 мың теңгеге толық оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
– Президент жемқорлықпен күрес мәселесі күн тәртібінен түспейтінін шегелеп айтты. Экономикалық реформа жүргізу керектігіне баса тоқталды. Табиғат қорғау жұмыстарына назар аудартып, экологиялық тәрбие берудің маңызы зор екенін атап өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын және өнеркәсіпті, инфрақұрылымды дамыту, жаңа бюджеттік саясат жүргізіп, бюджетке қоғамдық бақылау жүргізу керектігіне тоқталды. Білім сапасын көтеру және оқушыларды компьютермен және интернетпен қамту керек деп Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді, – деді облыстық мәслихат депутаты Қанат Рысбекұлы.
Мамырсулық балалар мен олардың ата-аналары меценат Қанат Оспанов дән риза. Ал ол алдағы уақытта да көмек көрсететінін жеткізді.