Оқиғалар

Оннан астам  адамды үсік шалды

Төтенше жағдайлар департаменті өңірде бірнеше күн бойы ауа температурасының күрт төмендейтіндігін ескерткен болатын. Семей қаласында жыл басынан бері 10-нан астам адамды үсік шалды. Қалалық жедел жәрдем станциясы мамандарының мәліметіне сүйенсек, олардың көбі 3-4 қаңтарда зардап шеккенімен, дәрігерлерге кешігіп қаралған.

– Бір азамат вагоннан жүк түсіріп жатқан кезде, ал енді бірі қолғап кимей сөмкесін көтеріп жүргенде қолдарын үсік шалды. Жалпы 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында станцияға үсік шалған 17 адам жүгінді, – дейді дәрігерлер.

Полиция департаментінің ақпаратынша, облыс аймағында жол бойында 40 жүк көлігі тоқтап тұр. Ішінде бұзылғандары бар. Өскемен–Аягөз бағытында жолға шыққан автобустағы 37 адам эвакуацияланған. Бородулиха ауданында құтқарушылар жолда қалған үш адамды үйлеріне жеткізді. Олардың «Мицубиси Паджеро» маркалы көлігінің дизель отыны қата бастаған.

Құтқарушылар мен полицейлер тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button