
Бозанбай ауылының жас ақындарының бәрі жүлдегер, бәрі жеңімпаз. Оған ауыл мектебінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткен «Ақынның сөзі жетер ғасырларға» атты әдеби кеш барысында куә болдық. Жас ақындар оқу жылы басталғалы бірқанша байқауларға қатысып, жеңістерге жетіпті.
Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылындағы мәдениет үйінің жанынан құрылған «Жалын» жас ақындар үйірмесінде үмітті ақтар шәкірттер көп екен. Атаулы ақындар үйірмесінің құрылғанына биыл 6 жыл болыпты. Қазіргі таңда ақындар үйірмесінда барлығы 15 ақын тәлім алып жүр. Бұл алақандай ауыл үшін айтарлықтай жетістік.
– Мемлекетті сақтап қалудың бірінші тетігі – ана тілі. Ана тілін ардақтай білген елдің босағасы берік, керегесі кең болмақ. Сондықтан да ел руханиятына үлес қосып, бай тіліміздің құнарын ұрпаққа ұқтыру мақсатында ақындар үйірмесін ашып, жас жүйіріктерді тәрбиелеп келеміз. Оның жемісін де, жеңісін де көріп келеміз. Оған бүгінгі өткен шарадағы ақындардың алған марапаты дәлел, – дейді «Жалын» жас ақындар үйірмесінң жеткешісі Нөсерхан Қабиханұлы.
Кездесу барысында оқушылардың әртүрлі онлайн байқауларға қатысып ие болған жүлделері мен марапттарын табысталды. Ауылдың жас ақындары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі әртүрлі байқауларға қатысып, оза шауыпты. Шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат депутаты Нұртай Тілеужанұлы жас өрендерді құттықтап, үйріме жетекшісінің кеудесіне «үздік мұғалім» төсбелгісін тақты. Әдеби кештің басты қонағы болған Серік Қуанғанұлы жас ақындардың қойған сұрақтарына тұщымды жауап беріп, айтыс өнерінің қыр-сырымен бөлісті.
Алтай Ғали-Асқар