Қоғам

Өңірлердегі жұмыс қарқынды

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері өңірлерде сайлаушылармен кездесуді жалғастырып жатыр.

Кандидат жақтастары Қарағанды өңірінің кәсіпкерлерімен, шахтерлерімен, студенттерімен кездесті. Кәсіпкерлерімен болған кездесуде штаб мүшелері экономиканы дамыту, бизнесті ынталандыру басымдықтарына тоқталды.

Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов штаб мүшелерінің өңірлердегі белсенділігін атап өтті. Алғашқы күндері елде 5 мыңнан астам үгіт-насихат шарасы ұйымдастырылды.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы облысы, Қонаев қаласында халықпен жүздесті. Сондай-ақ өңірдегі көпбалалы аналармен, Іле ауданының құрметті азаматтарымен, Қонаев қаласындағы жастармен, Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.

Кандидаттың қоғамдық қабылдауларына сегіз күнде сайлаушылардан 3460 ұсыныс-тілек түскен. Оның 640-ы бір күнде toqaev2022.kz сайтына жолданды. Елдегі 227 қабылдау бөлмесінде сайлаушылармен 689 кездесу өтіп, 2 мыңнан астам адам қабылданды.

 

Осы айдарда

Back to top button