Қоғам

Өңіріміз өркендеп келе жатыр

Бүгін біздер – мәслихат депутаттары ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүктеген тапсырмалары негізінде Ата заңымызға енгізілген түбегейлі өзгерістерге сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімін жаңаша, яғни баламалы түрде сайладық.

Біздің өңіріміз соңғы жылдары қарқынды өсіп-өркендеп келе жатыр деп айта аламыз. Себебі, барлық дерлік негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жыл сайын тұрақты артуда.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың баршамыздың алдымызға қойып отырған маңызды міндеттеріне сай облыс аумағында көптеген ауқымды жобалар қолға алынған. Міне, аталған елге тигізер пайдасы зор жоба-жоспарлардың әрмен қарай барынша тиімді жүзеге асуы үшін және өңіріміздің серпінді дамуы үшін бізге мемлекеттік қызметте мол тәжірибеге ие, ұйымдастырушылық қабілеті зор, облыстың тыныс-тіршілігін жақсы білетін, бастамашыл әрі іскер басшы қажет. Әрине, біздің ойымызша, ондай тұлға – Даниал Ахметов.

Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары толығымен дауыс беріп, нәтижесінде Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде бекітіліп отыр.

Мұхтар Төлеген,

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры,

Өскемен қалалық мәслихатының депутаты

 

Осы айдарда

Back to top button