ТОП
Ондай-ондай қала әкімінде де болып тұрады

Өскеменнің әкімі Жақсылық Омар тағы да әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бұл жолы не болды дейсіз ғой? Маска тақпай суретке түсіп қалған әкімге айыппұл салынды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.
Департамент берген мәліметке сенсек, жеке тұлға ретінде әкімге 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынған. Ал қала әкімі 43 755 теңге (15 АЕК) төледі. Неге?
– Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады, – деп түсіндірді облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Балауса Мэлс