Қоғам

Он төрт жастағы оқушы түйе балуан атанд

Он төрт жастағы оқушы түйе балуан атанд

«Қажымұқанның інісі» атанған өңірдің даңқты балуаны Тұрсын Қалмақбаев атындағы жүлдені сарапқа салу үшін облыстың 172 балуаны Ақсуатқа жиналып, байрақты бәсекенің көркін қыздырды.
Есімі елге ерте танылған, қазақша күрестен республиканың бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық ойынымыз аударыспақтан 15 дүркін жүлде алған, қазақша күрестен ардагерлер арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан балуанмен алдымен аудандық мәдениет үйінде кездесу өтіп, ардақты ағаның астына ат мінгізіп, иығына шапан жапты. Он бір салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде екі күн белдескен жас палуандар нағыз мықтыны анықтады. Бұл белдесуде Е.Әділбеков пен Е.Мұхтарұлы ерекше көзге түсті. Жарыс соңында дәстүр бойынша түйе балуанға үміткер 10 балуан боз кілемге қайта шықты. Осы ондықта жауырыны жер иіскемеген К.Нұрбаев атындағы орта мектептің түлегі, он төрт жасар Ғайса Мұзапарханов түйе балуан атанып, жарыстың жеңімпазы болды.
Жарыстың құрметті төрағасы 80 жастағы Тұрсын Қалмақбаев балғын балуандарға жүлдені өз қолымен тапсырып, батасын берді. Ал ұйымдастырушылар турнирді келешекте республикалық деңгейде өткізуді ұсынды.

Қадырбек Кәкімұлы

Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button