Қоғам

Он төрт елді мекенде болды

Он төрт елді мекенде болды

2-8 тамыз күндері Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз және Үржар аудандарының елді мекендерінде сайлаушылармен 14 кездесу өткізді.
Бұл кездесулер Аягөз ауданының Аягөз қаласы, Бидайық, Бозай, Шыңқожа ауылдарында, Үржар ауданының Қарабұлақ, Қабанбай батыр, Қарабұта, Бақты, Қаратал, Қызылту ауылдарында өтті.
Депутатпен кездесуге келген тұрғындар халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту, автожолдарды жөндеу, ауылдарда тұрғын үй салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды құру, ең төменгі зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сонымен бірге, тұрғындар Алакөлде туризмді дамыту, Барлық-Арасан шипажайын калпына келтіру туралы мәселелерге назар аударуды сұрады.
Сайлаушылармен болған кездесулерде депутат Мемлекет басшысының халыққа биылғы Жолдауы, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы жан-жақты айтып берді.
Кездесулер барысында Н.Сабильянов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралап көрді.

Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button