Қоғам

Он екі жаңа автобус тұрғындарды тасымалдауға шығады

Он екі жаңа автобус тұрғындарды тасымалдауға шығады


Өскемендегі автобус парктері жаңа автобустармен толықты. Жақын күндері жолаушыларды тасымалдауға шығатын су жаңа қоғамдық көліктерді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ көріп, оң бағасын берді.

Облыс орталығындағы автобус парктерінің басшылығы қалалық бағыттардағы автобустарды жаңарту үшін 12 жаңа техника сатып алыпты. «РОСТ» ЖШС Семей қаласында шығарылатын «Daewoo» маркалы, сыйымдылығы 60 адамдық 8 автобус сатып алған. Бұл отандық көліктер енді Өскемендегі №44 бағытта қызмет көрсететін болады. Ал «Vosca» ЖШС 4 жаңа автобусты ескі автобустармен алмастыруды жөн көріпті. Жалпы, 2018 жылға дейін облыс орталығына тағы да 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, автобустарды жаңарту былтыр Өскемен, Семей қаласы әкімдіктері мен тасымалдаушылар арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр. Аталған меморандумға сәйкес қазіргі қолданыстағы қоғамдық көліктердің жартысына жуығын жаңарту көзделген болатын.

Меморандум аясында Өскеменнің 10 және Семейдің 4 кәсіпорны екі-үш жылдың көлемінде қоғамдық көліктерді жаңартуға ықылас танытып отыр. Қол қойылған құжатқа сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып пайдалану мерзімі 7 жылға жуықтаған автобустардың 50 пайызы жаңартылуы тиіс. 7 жылдан 12 жылға дейін жүрілген автобустар да осынша пайыз көлемінде ауыстырылатын болады. Пайдалану мерзімі 12 жылдан асқан автобустар қалалық бағыттардан алынуы тиіс.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button