Қоғам

Он бес елді мекенде болды

Он бес елді мекенде болды

Биылғы 7-11 шілде күндері Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Зайсан және Күршім аудандарының 15 елді мекенінде сайлаушылармен 18 кездесу өткізді.
Бұл кездесулер Зайсан ауданының Зайсан қаласы, Айнабұлақ, Дайыр, Қуаныш және Қайнар ауылдарында, Күршім ауданының Сарыөлең, Бурабай, Маралды, Күршім, Құйған, Ақсуат, Теректі, Қалжыр, Боран, Қойтас ауылдарында өтті.
Депутатпен кездесуге келген тұрғындар кәсіпкерлікті дамытуға арналған несиенің қолжетімді болуын қамтамсыз ету, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу, ауызсу, медициналық көмекті жақсарту сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сонымен бірге, тұрғындар шекара маңындағы елді мекендерді дамытуға назар аударуды сұрады.
Сайлаушылармен болған кездесулерде депутат Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді.
Кездесулер барысында Н.Сабильянов азаматтарды қабылдады, партияның аудандық мәслихаттардағы фракция мүшелерімен кездесті және «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне жаңа партиялық билеттер табыс етті, елді мекендердің әлеуметтік нысандарын аралап көрді.

Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осы айдарда

Back to top button