
Алматыдағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен шығысқазақстандық омарташылар онлайн режимде диалог құрды. Облыстағы омарташылар қауымдастығының өкілдері Үлкен Нарын ауылында бас қосты.
Ғалымдар мен практик мамандар «Ара шаруашылығындағы селекциялық процесті тиімді басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында іскерлік қарым-қатынас орнатып, бренд өнім өндіруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, омартада бастапқы есепке алуды ұйымдастыру, омарта шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай іс-шаралар отандық ғылымдағы маңызды сұрақтарға жауап табуға, ауылдағы шаруаларға көмектесуге мүмкіндік береді.