Экономика
Қолжетімді бағамен саудаланады
Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев пен сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындардың басшылары арасында маңызды меморандумға қол қойылды.
Меморандум тұрақтандыру қорының әлеуметтік дүкендерінде саудаланатын сүт өнімдерінің бағасын жөнге келтіруге бағытталған.
– «Эмиль», «Восток-Молоко», «Багратион» сияқты аймағымыздың ірі кәсіпорындарының басшылары өнімдерін бөлшектеп сатуда тауардың бағасын 10 пайыздан жоғарылатпауға уағдаласты. Ал келіссөздің ең маңызды шарты – тауардың сапасына қатысты. Енді сүт өнімдерінің майлылығы 2,5 пайыздан жоғары, ал бағасы 150-155 теңге (1литр) шамасында болмақ, – дейді қала әкімі.
Меморандум шарттары үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін заңдық күшінде болады.
Шығыс-Ақпарат