Денсаулық сақтау

«Олимптің» қос филиалы ашылады

Катонқарағай ауданында «Олимп» клиникалық- диагностикалық орталығының екі бірдей филиалы ашылатын болды. Бұл туралы «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорының басшылығы мәлім етті.

Аталмыш қордың атқарушы директоры Серік Жүнісов хабарлағандай, медициналық мекеменің бірі – аудан орталығы Үлкен-Нарын ауылында ашылуы тиіс. Клиникалық-диагностикалық орталықтың тағы бір бөлімшесі Катонқарағай ауылында қызмет көрсетпек.

– Қос клиникалық-диагностикалық орталық алдағы наурыз не сәуір айында жұмысын бастайды деп жоспарлап отырмыз. Осының арқасында аудан тұрғындары шалғайдағы облыс орталығына сабылмай-ақ, жергілікті жерде сапалы медициналық диагностикаға қол жеткізетін болады, – дейді Серік Жүнісов.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button