Қоғам

Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Екі бірдей Олимпиаданың, екі бірдей «Бриллиант лигасының» жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спортшы, әлемге танымал даңқты жерлесіміз Ольга Рыпакова ұлық мерекеміз, 30 тамыз – Конституция күні таңертеңгі сағат сегіз жарымдар шамасында туған қаласы Өскеменге ұшып келді.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Онымен бірге ұшақтан ауыр атлет Денис Уланов, диск лақтырушы Евгений Лабутов, жеңіл атлеттер Ирина Смольникова мен Элина Михина, байдаркада жекелей есуде өнер көрсеткен Екатерина Смирнова түсті. Олимпиадашыларды қарсы алуға таң атқаннан әуежай басына жиналған, қолдарына «Ольга жарайсың!», «Біздің Ольга Рыпакова жеңімпаз!», «Біздің атақты жерлестеріміз Ольга және Денис!» деген жазулар ұстаған, құшақтары спортшыларға арналған гүлге толған шығысқазақстандықтарда есеп жоқ.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Әуежай алдында даңқты спортшыларды жерлес жанкүйерлер атынан құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Ольга Рыпакованың Олимпиадалық ойындарда екі мәрте Қазақстанның атынан жеңіл атлетикадан жүлде салған жалғыз спортшы екенін баса айтты.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

– Құрметті жерлестер! Бүгін барлығымыз үшін де өте қуанышты күн. Жарыс кезінде Ольгаға бәріміз де тілекші болдық. Даңқты жерлесіміздің осынау жүлдесімен баршаңызды құттықтаймын. Даңқты спортшымыздың туған жерге келген қадамы құтты болсын. Елбасымыз айтып өткендей, Ольга Рыпакова тек спортшы ғана емес, сонымен қатар ол батыр ана, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Өз кезегінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері де жанкүйерлеріне көрсеткен қолдаулары үшін шынайы сезіммен үлкен ризашылығын білдірді.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

– Туған қаламда көп уақытқа дейін бола алмадым. Арамызды мыңдаған шақырым қашықтық бөліп жатты. Мұхиттың арғы бетінде елден жырақта тер төктік. Олимпиададан кейін мен тағы бір жарыста өнер көрсетуге Лозаннаға аттанып кеттім. Үйге қайтар жол өте ұзақ болды. Сондықтан екі сайыстан кейін туған өлкем Шығыс Қазақстанға, Өскеменге жету мен үшін үлкен қуаныш. Әр жарыс кезінде күн сайын әлеуметтік желілер арқылы қолдау көрсетіп, тілек білдіргендеріңіз үшін барлық жерлестеріме алғыс айтамын. Сіздердің ыстық қолдауларыңыз болмағанда біздің жетістігіміз де болмас еді. Сіздердің қолдауларыңыз бізге қосымша күш берді. Барлықтарыңызды мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтаймын, – деді Ольга Рыпакова.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Бұдан кейін мотоцикл мінген қала байкерлері бастаған, олимпиадашылар отырған көліктер шеруі салтанатты түрде облыс орталығының Тәуелсіздік даңғылымен жүріп өтіп, Металлургтер мәдениет сарайының алдында өздерін тосып тұрған қала жастарының тобына келді. Бұл жерде спортшылармен кездесуге үш жүзден аса адам жиналған екен.
Мәдениет сарайының алдында сын сағатта жігерін жалау еткен, намысын алау еткен олимпиадашылар жанкүйерлермен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңбаларын таратты, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Алдағы жоспарларымен, Олимпиада кезіндегі әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар олардан түрлі сыйлықтар қабылдап, гүл шоқтарын құшаққа толтырды.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Мұнан кейін даңқты жерлестеріміз мінген арнайы көліктер легі қала көшелерімен жүріп өтіп, Республика алаңына келді. Облыс орталығындағы алаңда өтіп жатқан Конституция күнін мерекелеу аясында мұнда да Рио-де Жанейро Олимпиадасына қатысушыларға ерекше құрмет көрсетілді.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Атап айтар болсақ, облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ Қазақстанның медаль қоржынына қол медальды салған алтын қызымыз Ольга Рыпаковаға қалың жұртшылықтың алдында салтанатты түрде жерлестерінің атынан соңғы үлгідегі Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі мен 50 мың АҚШ долларын сыйға тартты.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Ал жарысты төртінші орынмен аяқтаған ауыр атлет Денис Улановқа облыс орталығында орналасқан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Айтпақшы, соңғы күндерде ғаламторда, әлеуметтік желілерде биылғы Олимпиада бәсекесінде осы Денистің алдын орап, қола медальды олжалаған Румыния спортшысы қанының құрамынан рұқсат етілмеген дәрілер табылғандығы туралы ақпарат тарады. Егер бұл жайт нақты анықталып, ақпарат расқа айналса, біздің зілтемірші қола жүлде иегері атануы бек мүмкін. Олай болғанда, Риоға Шығыстан аттанған алты спортшының екеуі жүлдегерлер қатарын толықтырмақ.

  Олимпиадаға барған алтауды айрықша қошеметпен қарсы алды

Марапаттау рәсімінде олардан басқа Олимпиадалық ойындарға Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан басқа спортшыларға, атап айтқанда, диск лақтырушы Евгений Лабутовқа, марафондық қашықтықтағы жеңіл атлет Ирина Смольниковаға, жеңіл атлет Элина Михинаға және ескекші Екатерина Смирноваға облыс әкімінің бір жылдық стипендиясының сертификаттары табыс етілді.

Спортшылардың атынан ортадағы мінберге көтерілген Ольга Рыпакова әріптестерінің атынан көрсетілген марапаттар мен құттықтаулар үшін алғысын білдірді.

– Құрметті жерлестер! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын! Біздің қуанышымызды бөліскендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бүгін жылы тілектеріңізден, берген сыйлықтарыңыздан алған әсерімізді сөзбен жеткізу қиын. Бірінші кезекте елімізді салиқалы саясатымен дұрыс жолға, жарқын болашаққа алып келе жатқан, әлемге танытқан, Елбасымызға рақметімізді айтамыз. Онан соң облыс спортының өркендеуіне күш салып, үлкен жетістікке жетуімізге қолдау білдірген облыс әкіміне және спортқа жанашыр болған барлықтарыңызға шынайы алғысымызды білдіреміз. Жеңісіміздің бәрін де еліміз Қазақстанға арнаймыз, – деді Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері.

Сонымен бірге, олимпиадалық жарыстарға қатысқан спортшыларды марапаттауға қаржылай демеушілік көрсеткен облыстың белгілі кәсіпкерлері «Өскемен құрылыс» ЖШС директоры Ержан Ысқақовқа, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы Болат Нұрасыловқа, «Катонқарағай жол басқармасы»ЖШС директоры Темірбек Исабаевқа, «Взрывпром» ЖШС директоры Олег Сомовқа, «Қазақавтожол» АҚ директоры Серік Ақтановқа сахна төрінде алғыс білдірілді.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button