Естімеген елде көп

Өлі адамды суретке түсірген

XIX ғасырда Еуропа мен Америкада енді ғана қайтыс болған адамды фотосуретке түсіру жиі ұшырасатын. Бұл қорқынышты дәстүр «мементо мори», яғни «өлімді есте сақтау» деп аталды.

Ол кезде фотосуретке түсу тым қымбат болатын, оған ауқаттылар ғана қол жеткізе алды. Тірі кезінде жасалған портреті болмағандықтан қайтыс болған соң адамды түсіріп қалуға тырысты туыстары. Жанр 1920 жылдарға қарай фотография дамып, арзандағаннан кейін біржола жоғалды.

Суреттердің көбінде марқұмдар ұйықтап жатқан кейпінде бейнеленген. Кейде оларды туғандарымен бірге де түсірген. Мәселен, мына суретте әке-шешесі қайтқан қыздарымен отыр.

Жалпы, мәйітті тірі адам ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін көптеген амалдар болған. Кейде қайтыс болған адамдардың бастарын тіреп, отырғызып қоятын. Тіпті өлгендерді түсіруге маманданған фотографтар да болыпты.

Әсем Ескермесова,

студент

 

Осы айдарда

Back to top button