Қоғам

Ольга Олимпиаданың үш дүркін жүлдегері атанды

Ольга  Олимпиаданың үш дүркін  жүлдегері атанды


Лондон Олимпиадасының чемпионы, Рио де Жаней ро Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова ресми түрде Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ольганың өзі де растады.

– Иә, бұл рас ақпарат. Олимпиада комитетінің ресми сайтында, ресми хаттамасында менің көрсеткен нәтижем үшінші орында тұр. Бұл – ресми ақпарат, – деді Олимпиада чемпионы.

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында жеңіл атлетші жерлесіміз төртінші орын алған-ды. Ал сол кезде үш қарғып секіруден қола медальді жеңіп алған грек спортшысы Хризопия Деветци допинг дауына іліккен. Екінші допинг сынамадан кейін грек спортшысы қола жүлдесінен айырылған болатын.

Қазіргі таңда Ольга Рыпакова үш мәрте Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр.

Тілеукен Тілеубердіұлы

Осы айдарда

Back to top button