Қоғам

Оқиғаның анық-қанығын арнайы комиссия анықтайды

Оқиғаның анық-қанығын арнайы комиссия анықтайды

Кеше Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы жөнінде ақпарат ұсынылған жиынға Білім және ғылыми министрі Аслан Сәрінжіпов, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамар Дүйсенова қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Мемлекеттің халық алдындағы барлық әеуметтік міндеттерді орындап отырғанын атап көрсеткен Бердібек Сапарбаев дағдарыстар салқынына қарамастан жұмыссыздықты болдырмау бойынша нақты шаралар қолға алынып отырғанын жеткізді. Осы мақсатта кешенді жоспар дайындалып, тек биылдың өзінде 322 мың жұмыс орнын ашу жөнінде міндет қойылған. Бүгінде сол міндеттің 67 пайызы орындалған. Еңбекақы қарызы былтырғы бір млрд. тбасшысының орынбасары халықтың осал топтарын қолдау бойынша да жаңашыл бастамалар қолға алынғанын мәлім етті. Биыл әлеуметтің бұл тобына қамқорлық көрсету мақсатында бюджеттен 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Түрлі кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде 66 мың меморандумға қол қойылған. Бұл меморандумдар 2,2 млн. жұмыс орнының сақталуына кепілдік болып отыр. Жеңістің 70 жылдығына орай республика бойынша 217 ардагерге пәтер кілті табыс етілген.
Бұдан кейін вице-премьер денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, спорт және мәдениет салаларына жеке тоқталып, өзгерістер мен реформалардың тиімділігін сөз етті. Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту мақсатында жүзеге асып келе жатқан «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы әрі қарай жалғасатынын айтқан Бердібек Сапарбаев өткен жылда ғана 2,4 млн. адам скриннингтен өтіп, 45 мың жоғары технологиялық ота жасалғанын жеткізді. Еліміздегі балабақшамен қамту көрсеткіші 78,6 пайызды құрап отыр. Жыл аяғына дейін 162 тәрбие ошағы қолданысқа беріліп, көрсеткіш 80 пайызға жетеді деп күтілуде.
Алдағы оқу жылы есігін жаңа стандартпен ашпақ. Білім ошақтарының қатарын 126 мектеп толықтырады. Дуальді жүйемен жұмыс істейтін оқу орындарының санын 280-нен 320-ға жеткізу көзделген. Біздің облыста жұмысын жемісті бастаған «Серпін» бағдарламасы биыл да жалғаспақ. Аталмыш бағдарлама аясында бөлінетін оқу гранттарының саны 2,5 есе көбейтілмек.
Вице-премьердің айтуынша спорт және мәдениет саласында реформалық өзгерістер көп. Бұдан былай осыған дейін қолданысқа берілген мәдени ошақтардың толыққанды жұмыс істеуіне мән берілетін болады. Мұражайларды экспонаттармен толықтыру, кітапхана қорын байыту ісіне халықты белсенді араластыру жұмыстары жанданбақ. Ал Астанадағы облыстардың мәдени күндері бұдан былай екі күнге созылады.
Бұдан кейін Үкімет мүшелеріне жергілікті және орталық БАҚ өкілдері онлайн-режимде сауалдарын жолдады. Калачи және Красноярск кенттеріндегі тұрғындардың алдағы тағдыры, Аягөз ауданының Ақтоғай кенішіндегі оқиғаның анық-қанығы, зейнетақы реформасындағы өзгерістер, медицицналық қызметтің сапасы сынды мәселелер бойынша жолданған сауалдарға Үкімет басшысының орынбасарымен бірге министрлер де толыққанды жауап берді.
Калачи және Березовка кентінің тұрғындары 2016 жылдың аяғына дейін толық көшірілетінін атаған Б.САПАРБАЕВ Ақтоғайдағы оқиғаның анық-қанығын арнайы құрылған комиссия анықтайтынын мәлімдеді.
-Онда тиiстi комиссия жұмыс жасап жатыр. Қылмыстық iс қозғалды. Жедел тергеу амалдары жүргiзiлуде. Оқиғаға байланысты облыс әкiмi Даниал Кенжетайұлы, прокурор, IIД бастығы сол жақта жүр. Төбелес екi күн бұрын орын алды. Тұрмыстық мәндегі қақтығысқа алдын ала мәлiметтер бойынша 145 адам қатысқан. Оның 65-i ауруханаға жеткiзiлген. Бүгiнгi таңда Аягөзде және Өскеменде 31 адам ауруханада жатыр. Олардың денсаулығына еш қауiп жоқ. Соңғы нәтижелер тергеу аяқталғанда мәлiм болады, – дедi вице-премьер.
Ал министр Тамар Дүйсенова медициналық мекемелердегі кезекті азайту үшін call-center жүйесі жаппай енгізіліп жатқанын, дәрі-дәрмектің сапасын арттыру ісінде ұлыбританиялық тәсіл қолданылатын жеткізді. Зейнетақы мөлшерінің еңбек өтіліне қарай тағайындау жүйесі 2017 жылдан бастап қолданысқа енеді.
-Бұл ретте базалық зейнетақы азаматтар зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалады. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан аз және еңбек өтілі болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болады. Бұдан бөлек, 10 жылдан артық еңбек өтілінде әрбір жыл үшін 2 пайызға артып отырады. Бірақ еңбек өтілі 35 және одан да көп жыл болған жағдайда зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызынан аспауы тиіс, – деді министр.

Есімжан Нақтыбайұлы

Осы айдарда

Back to top button