Қоғам
Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін

Өскемендегі ОВ 156/1 мекемесінің қызметкерлері өзгенің өмірін сақтап қалу мақсатында қан тапсырды.
– Мекеме қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға үнемі ат салысып тұрады. Осы жолы 30 қызметкер донор ретінде қан тапсырды. Бізге білінбегенімен, ауруханада қаншама науқасқа қан керек. Ем алып жатқан жандарға сәл де болса көмектескіміз келді, – дейді КСБ бастығы, әділет майоры Әлия Асаубаева.
Дәрігерлердің айтуынша, донорлықтың адам денсаулығына да пайдасы ұшан-теңіз. Бір жағынан біреуге көмек етсең, екінші жағынан өзің үшін де пайдалы.