Өз өміріңізге жауапкершілікпен қарайсыз ба?

«Коронавирус, кет,кет,кет», – деп әндеткенімізбен індеттің қайтар ойы жоқ. Өйткені темірдей талап сақталмай жатыр. Маска тағудың орнына шешіп тастаймыз, той жасама десе, дүркіретіп тойлаймыз, арақашықтық сақта десе, бірімізден-біріміз адасып қалардай қатар тұрамыз. Сосын айыппұл салынса, қатені тағы өзімізден емес, өзгеден іздейміз.
Күнделікті айыппұл төлейміз. Ендеше облыста 16 ақпан күні қанша тұрғын талап бұзды?
16 ақпанда Өскеменде 7 ереже бұзу фактісі анықталды. Ережеге бағынбағандар тиісінше айыппұл төледі. Жалпы көлемі – 612 570 теңге.
Семейліктер болса, сол баяғы қарапайым талапты бұзып жүр. Бір күннің ішінде 5 адам ереже бұзған. 350 040 теңге болатын 8 хаттама толтырылды. Одан бөлек 3 айыппұл салынды. Жалпы сомасы – 422 965 теңге.
Риддерде қоғамдық орындарда маскасыз жүрген екі тұрғынға 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Алтай ауданындағы сауда нысандарында карантин талабын бұзу бойынша 3 жағдай анықталған.
Күнделікті айыппұл, күнделікті ескерту. Өз өміріңізге жауапкершілікпен қарайтын кез қашан келеді?
Балауса Мэлс