Қоғам

Өскеменнің қақ ортасына киіз үй тігіп жатыр

Өскеменнің қақ ортасына, дәлірек айтсақ, Республика алаңына киіз үй тігіп жатыр. Тігіп жатыр десек келе ме екен? Жеті миллион теңгеге алынған киіз үй биыл да өзінің жұлдызды сәтін күтіп, мейрам таяғанда құрылып жатыр.

– Халқымыз асыға күтетін мейрам да келіп қалды. Осыған орай Наурыз мейрамының басты нышаны – киіз үйді тігіп, алаңды безендіріп қойғанды жөн деп таптық, – деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Киіз үй мамырдағы мерекелерге дейін орталық алаңның сәнін кіргізіп тұрады.

Балауса Мэлс

Осы айдарда

Back to top button