Қоғам

Өскеменге жаңа трамвайлар қашан жетеді?

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайка облыс орталығына қашан жаңа трамвайлар әкелінетіні туралы айтты.

– Жеткізушімен келісімшарт 6 маусымда жасалған. Трамвайларды дайындау мерзімі – 180 күн. Өндіруші зауыттың ақпараты бойынша, вагондар желтоқсан айының басында дайын болады және бірден облыс орталығына жеткізіледі. Біздің трамвайлар Беларусьте – «Белкоммунмаш» АҚ-да жасалып жатыр, – дейді Михаил Чайка.

Оның айтуынша, жаңа трамвайларда кондиционерлер, телефондарды зарядтауға арналған модульдер, бейнебақылау жүйесі сияқты басқа да дүниелер болады.

Еске салайық, осыдан біраз бұрын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жыл соңына қарай шаһарға жаңа трамвай вагондары әкелінетінін хабарлаған болатын. Осыған байланысты, облыс орталығының бірқатар ауданындағы трамвай паркіне қарасты қосалқы станциялар мен трамвай жолдары жөндеу көрген еді.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button