COVID-19 

Өскемендіктерге де көлік алуға мүмкіндік бар

 

Екпе алған 18 жастан асқан Өскемен қаласының барлық тұрғыны автокөлік ұтыс ойынына қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жылдың басынан екпе алғандарға да бақ сынап көруге болады.

– Ол үшін барлық екпе алған азамат 28 маусымнан бастап https://vaccine-uk.kz/ сайтында тіркелуі қажет. Аты-жөнін, ұялы телефон нөмірін және екпе алған орынды көрсеткеннен кейін, акцияға қатысушыға алты таңбалы бірегей нөмір беріледі, осы нөмір бойынша бас жүлде ойнатылады, – дейді ұйымдастырушылар.

Ұтыс ойыны жалпыға бірдей екпе алу науқаны аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде онлайн трансляция арқылы өтеді. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ұтыс ойынның барлық кезеңдерін қадағалайтын тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылады.

Айта кету керек, акцияға Өскемен қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері мен отбасы мүшелерінің қатысуына тыйым салынады.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button