Қоғам

Өскемендіктер талап сақтамайды

Өскемен мен Семей ереже бұзу жағдайлары бойынша көш бастап тұр.
Шығыс Қазақстан облысында маскалық режимді бұзу жағдайлары әлі де тіркелуде. Өскемен мен Семей қалалары ереже бұзу жағдайлары мен айыппұлдардың саны бойынша көш бастап тұр.
26 ақпанда Өскемендегі дүкендерде маскалық режимді сақтамау бойынша 15 жағдай анықталған.
Семей сауда үйлерінде, базарлар мен қоғамдық көліктерде 11 ереже бұзу фактісі тіркелді. 845 930 теңге болатын 6 хаттама толтырылды. Жалпы көлемі 131 265 теңгені құрайтын 3 айыппұл салынды.
Риддерде бұрын салынған айыппұлды қысқартылған өндіріс бойынша төлемеген тұрғынға 43 755 теңге сомасында төлем қосылды (қоғамдық орында маска тақпаған).
Глубокое ауданында маскалық режимді 2 адам бұзған. Айыппұл – 87 510 теңге.

 

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button