COVID-19 

Өскемендік кәсіпкерлерге қанша теңге айыппұл салынды?

ШҚО-да мониторингтік топтар күнделікті рейдке шығып, санитарлық талаптарды орындамайтын тұлғаларға ескерту жасап, айыппұл салуда.

Өскеменде 1 ақпан күні мониторингтік топтар 144 нысанды аралады. Рейд барысында шектеу режимін бұзған 4 факті тіркелді. Азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде, дәмханаларда ереже бұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы құны – 889 685 теңге.

Семейде қоғамдық көліктерде маскалық режимнің сақталуы қадағаланды. Мониторингтік топ 45 автобусты тексеріп, 41 ереже бұзу фактісі тіркеді.

Риддерде  75 нысан тексерілді.  Көпшілік үшін шара өткізген дәмханада 1 тәртіп бұзушылық анықталды. Тіркелген фактілер бойынша 43 755 теңге көлемінде  айыппұл салынды.

Курчатов қаласында 32 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 2 тәртіп бұзушылық анықталды.

Глубокое ауданындағы рейд кезінде 117 нысан тексерілді,  4 ереже бұзу фактісі тіркелді.

Шемонайха ауданында медициналық маскасыз жүрген З. Андреев есімді тұрғынға  43 755 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Балауса Мэлсқызы

 

Осы айдарда

Back to top button