Қоғам

Валидаторлар қашан іске қосылады?

Өскемен тұрғындары қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеу үшін карталарды қашан пайдалануға болатынын білгісі келеді. Кейбіреулер тіпті оларды валидаторларға төсеп, ақы төлеуге тырысады, сондықтан құрылғыларды желімдеп қойған, олар жұмыс істемейді деген жазулар да ілінген.

Жолаушылар тасымалын басқару орталығы жүйені іске қосуға толық дайын екендіктерін, бірақ қала оқушылары үшін шамамен 40 мың картаның жеткізілуін күтіп отырғандарын айтады.

Ол карталарға кейінірек тапсырыс берілген, өйткені бастапқыда 7-ден 15-ке дейінгі жасөспірімдер Қазпошта шығарған ID карталары арқылы есептеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ ол тіптен ұзақ уақыт алатын болыпты. Сондықтан мектеп оқушылары үшін бөлек Oskemencard жасау туралы шешім қабылданған. Сол карталар қалаға келгенде, яғни осы қаңтар айының соңына қарай барлық электронды төлем жүйесі іске қосылмақ.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button