Қоғам

Өскеменде Тәуелсіздік монументі бой көтереді

Облыс әкімі Даниал Ахметов ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскеменнің 19-шы шағын ауданында орнатылатын монумент жобасымен танысты.

30 метрлік көп фигуралы «Тәуелсіздік монументі» қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихын бейнелейді. Композицияның орталығы – биіктігі 12,6, диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты негіздегі тік ескерткіш. Оның төменгі бөлігінде ел тарихы бедерленген рельеф орналасқан.

– Монументтің орталық бөлігінде қазақ халқының бірлігі мен елдігін бейнелейтін үш биіміз – Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би қойылған. Монументтің екі жағында «Жеті жарғы» заңдар жинағынан үзінділер жазылған. Ал монумент басында Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек бейнелері орналаспақ, – деп жазады аймақ басшысы әлеуметтік желідеге парақшасында.

Мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады. Аумағы – 6756 шаршы метр.

Аталған кешеннің логикалық жалғасы Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жаңа аллея болмақ. Мұнда батыр ескерткіші қойылады.

 

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button