Қоғам

Өскеменде сотталғандардың отбасыларына көмек көрсетілді

Өскемен қаласының пробация қызметі сотталғандардың өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларына көмек көрсетті.

Өскемен қаласының пробация қызметі «Антарес» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталғандардың отбасылық жағдайларын зерделеп, «Пробация» заңы аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті. Олар  есепте тұрған сотталғандардың арасында өмірлік қиын жағдайға ұшыраған және көп балалы жанұяларға қоғамдық көлікте қатынайтын айлық жол жүру билеттерін, азық түлік тауарлары мен төсек-орын жабдықтарын табыстады.

Сотталғандарға әлеуметтік көмек түрдерін  көрсете отырып, олардың түзеліп, еліміздің толыққанды азаматы болып шығуларына жәрдемдесу пробация қызметінің негізгі міндеті болып табылады. Пробация қызметі бұл бағыттағы жұмыстарды келешекте де жалғастыра отырып, өмірде аяғын шалыс басып қателескен азаматтарды қоғамға бейімдеу, тәрбиелеу, олардың түзелу жолына түсуіне ықпал ету сияқты жұмыстарды жалғастыратын болады, – деді инспектор Ерасыл Төлегенов.

Осы айдарда

Back to top button