Қоғам

Өскеменде Рамазан айына байланысты баспасөз мәслихаты өтті

Бүгін Өскемен қалалық Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы бойынша бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы баспасөз мәслихатын өткізді.

Жиын Қасиетті Рамазан айының басталуы туралы өңір жұртшылығына ақпарат беру мақсатында өткізілді.

Барлығымызға белгілі, осы жылы Рамазан айы сәуірдің 13-іне белгіленген болатын. Ал алғашты Тарауих намазы 12 сәуір күні кешке оқылады.

–        8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні. Ескерте кетейік, еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты Қадір түнін барлығымыз үйімізде күткеніміз дұрыс, – дейді бас имам.

Сондай-ақ, ауызашар уақытында да барлық ораза тұтқан жұрт жақындарының қасында,үйінде болған жөн.

–        ШҚО бас санитарлық дәрігергі бекіткен қаулыға сәйкес, жұма намазы мен бес уақыт намаз оқу үшін әр азаматқа 4 шаршы метр жер, яғни сыйымдылығы мешітке 30% толған кезде рұқсат беріледі, – деп түсіндірді зекет беру бөлімінің басшысы Берік Кәдірұлы.

Ескерте кететін тағы бір жайт, зекет беру кезінде міндетті түрде зекетті арнайы мүфтидің тарапынан бұйрығы бар, бекітілген адамға ғана жинау керек.

–        Мешітте әр 3 сағат сайын дезенфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады. Сондықтан келушілерден карантиндік талаптарды қатаң сақтауларын және осы жағдайларға түсіністікпен қарауларын сұраймыз, – деді Берік Кәдірұлы.

Бас имамның айтуынша, Өскемен қаласында осы жылы «Берекелі Рамазан айы», «30 күнге 30 ғибратты шара», «Отыз күнге отыз уағыз» және «Қайырымдылық-қайырлы іс», «Имам такси», «Тайқазан», «Қолдан қолға» және тағы да басқа жобалар мен бірқатар шаралар белгіленге. Ал ауызашар ұйымдастыру бойынша, «Халифа Алтай мешітінде ауызашар ұйымдастыру мәселесі карантин талаптарына байланысты ауызашар қоржынын» жеткізіп беру форматында өткізіледі.

Егер тұрғындарды мазалаған басқа да сұрақтар болса төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

Зекет және қайырымдылық қоры сұрақтары бойынша – 8 776 711 11 35;

Шариғат және пәтуа бөлімі – 8 705 842 48 10;

Жалпы сұрақтар бойынша – 8 777 328 31 99.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button