Қоғам

Өскеменде Қанипа Бітібаева атына көше беріледі

Өскемендегі Амурская көшесін ұлағатты ұстаз, КСРО мемлекеттік сыйлығының лаураеты, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанипа Бітібаева көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.

– Бұл менің көптен бері көкейімде жүрген мәселе еді. Бүгін сол мәселенің орайы келіп, оңтайлы шешімі қалалық маслихат отырысында қабылданды. Көзі тірісінде көп ісімізге қолдау білдіріп, арқамыздан қағып, ақылын айтқан жан еді. Алдында отырып дәрісін тыңдамасам да, қызметте жүріп тәлімін көрген, тәрбиесін алған Қанипа апайды мен де өзіме ұстаз тұтамын. Ендеше ұстаз шәкірті ретінде ел үшін де, мен үшін де орны бөлек қуанышпен сіздермен бөліскенді жөн көрдім, – деп жазды Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кету керек, Қанипа Бітібаева аталмыш көшеде орналасқан Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатында еңбек еткен.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button