Қоғам

Өскеменде көмір бағасы қымбаттағаны рас па?

– Әлеуметтік желілерден Өскеменде көмірдің қымбаттағанын оқыдық, алдағы уақытта көмір бағасының тағы қымбаттайтынын естідік. Бұл қаншалықты рас ақпарат? Қалалық әкімдіктегілер қандай жауап айтады?

Тоқтарбек Ақанов

Красин кенті, Өскемен.

Сауалға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Денис Федченко жауап береді:

– Көмір 200 теңгеге қымбаттады, тағы да қымбаттауы мүмкін. Тамыз айына дейін баға 300 теңгеге көтерілуі ықтимал. Шілде айының басынан бері көмірдің тоннасы коммерциялық бағамен 11 800 теңге, әлеуметтік бағамен 11 300 теңге болды. Бұрын бұлар сәйкесінше, тоннасы 11 600 теңге және 11 100 теңге болатын.

Қазір кезек жоқ, бірақ халық қазірден отын қорын жинақтамаса, қазан айында күн суытқанда дүрбелең басталады. Көліктер де ол кезде көмір жеткізіп үлгермейді. Халық бұрынғыға қарағанда көмірді көптеп сатып ала бастады. Әзірге көмірден тапшылық жоқ. Жеткізу қалалық әкімдік тарапынан тұрақты бақылауда, егер вагондар уақытында келмесе, «Қазақстан Темір жолы» АҚ-на тікелей хабарласамыз.

Қазір Өскеменде көмірді екі жерден сатып алуға болады: Делегатская көшесі, 36 к1 бойындағы «Сейком» ЖШС және Базовая көшесі, 5 мекенжайындағы «Терминал отын компаниясы» ЖШС.

Осы айдарда

Back to top button