Қоғам

Өскеменде жазасы өзгерген сотталушылар саны екі есеге артты

Биыл Өскеменде бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермей, өздерінің түзу жолға түскендерін дәлелдеп, жазасы өзгерген сотталушылар саны екі есеге артты.

Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандармен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізілген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асыруда. Есепте тұрған сотталғандармен тиісінше жұмыс жұмыс жүргізе білсе, олар өздерін қоғамға қажетті екендіктерін түсініп тура жолмен жүруге тырысады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш айдын қорытындысы бойынша Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінен 20 сотталған азамат бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермей, өздерінің түзу жолға түскендерінен дәлелдеді. Сол себепті қылмыстың ауырлық сатысына байланысты Өскемен қаласының №2 сотының қаулысына сәйкес, шартты сынақ мерзімінен бұрын босатылып, Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінен шешілді, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық ПҚБ аға инспекторы Алуа Камитова.

Оның айтуынша, бұл корсеткіш өткен жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге артқан. Ал өздеріне сотпен тағайындалған міндеттерді орындамай заң бұзушылыққа жол беріп, қайталама қылмыс жасап қайтадан бас бостандығын айыру орындарына ауыстырылғандар саны 10 болды. Өткен жылда бұл көрсеткіш тек 5 адамды құраған.

Осы айдарда

Back to top button