Қоғам

ӨСКЕМЕНДЕ АЛТЫ САУДА НЫСАНЫ ЗАҚЫМДАНҒАН

Жанаргүл Мұқатай

Облыс кәсіпкерлері палатасының ақпараты бойынша Өскемен мен Семейде бүлікшілердің кесірінен облыс орталығындағы алты сауда нысаны және Семей қаласындағы қонақүй зақымданып, материалдық шығындар келген. Ол туралы мәліметтер тиісті тізімге енгізуге облыс әкімдігіне жолданған.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, облыстың қоғамдық тамақтандыру саласындағы кәсіпкерлер қалаларды күзетіп тұрған әскерилерге қамқорлық көрсетуді жалғастырып жатыр. Тамақтарды жеткізу «Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы» бірлестігімен ынтымақтаса жүргізілуде. Іс-шараға Nur Otan партиясы да қатысып отыр.

Мәселен, 10 қаңтар күні Өскемендегі Metro әскерилерге 1,5 мың құты су, «Пять звезд» ЖШС 500 бәліш, «Багратион Ұлан» ЖШС 500 құты айран әкеліп, «Восток Молоко», «Эмиль», «Каравай», Семейдегі «Қалиханұлы», тағы да басқа кәсіпкерлік субъектілері өз өнімдерін жеткізген.

 

Осы айдарда

Back to top button