Қоғам
Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады
Бүгін облыс орталығында қала әкімдігі мен «Қаражыра» АҚ арасында әлеуметтік көмір жеткізу бойынша меморандум жасалды.
Халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 6,5 мың отбасына 35 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.
Әлеуметтік бағада сатылатын көмірдің бір тоннасы 11 100 теңгеге бағаланып отыр. Ал нарықтағы бағасы – 11 600 теңге.
Осы орайда қала тұрғындары үшін қатты отынды әлеуметтік бағаға сатып алу мерзімі осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екенін атап өткен абзал.
Әлеуметтік көмір алғысы келетін тұрғындар өтініммен аумақтық басқару орталығының жергілікті филиалдарына жүгіне алады.
Didar ақпарат