Өскеменде адамдар су кешіп жүр

Егер сіз Өскеменде тұрсаңыз немесе қыдырып келмек ойыңыз болса, міндеті түрде коньки мен су етік алыңыз. Қайығыңыз болса тіптен жақсы. Неге десеңіз қала ішін бір аралап қайтыңыз. Бір аралағаныңыз былай тұрсын, жәй дүкенге нанға шықсаңыз да жетіп тұр.
Жолаушылар су кешіп жүр. Себебі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар күндіз көл, кешке мұз. Бұл мәселеге қатысты «Таза Өскемен» не дейді.
«Өткен аптада қар толассыз жауды. Сынап бағанасы жоғарылап тізеден келетін қар еріп жаты
Осыған байланысты жұмысшылар қар тазалаудан бөлек, жауынның суы ағатын кәріз құдықтарын ашып жүр. Назарбаев даңғылы, Абай даңғылы, Бажов, Мызы, Виноградов, Чехов, Қабанбай батыр, Жібек Жолы көшелеріндегі құдықтарды ашып жатырмыз. Жұмыстар күндіз жүргізіліп жатыр», – делінген жазбада.
Мекеме қызметкерлері берген мәліметке сенсек, қатып қалған құдықтарды еріту үшін арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылған.
Балауса Мэлсқызы