Өскеменде 40 сотталған әлеуметтік өмірге қайта бейімделді

Түрмеден босап шыққандарды әлеуметтік өмірге қайта бейімдеу шараларының нәтижесінде есепте тұрғандар саны 40-қа азайған.
Өскемен қаласындағы Солжағалау аудандық пробация қызметі психологтарының бұл бағытта жүргізген жұмыстарының нәтижесінде, былтырдан бер бұрын сотты болып, есепте тұрған тұлғалар саны 40 адамға азайған.
Сотталғандарды қабылдау барысында әр тұлғаның психологиялық ерекшеліктеріне мән берміз. Олардың сана- сезіміне жағымды әсер ету үшін, өзін-өзі бағалау деңгейін реттеп, алдағы уақытта жасайтын қадамдарын анықтап, туындап жатқан мәселелердің дұрыс шешімін таба білуіне қатысты ұсынымдар жасаймыз. Сондай-ақ, қажеттілікке байланысты олардың түзеу мекемесінен босап шыққан соң жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты мекен жайының болуына атсалысамыз. Ол үшін қаланың жұмыспен қамту орталықтарына, ал тұрақтайтын баспанасы жоқ болып жатқан кезде Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды бейімдеу орталығына жүгініп, көмек көрсетеміз, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Мөлдір Кабибиева.