Қоғам

Өскеменде 11 адамның жазасы жеңілдеді

Өскеменде жақсы мінез-құлық танытқан 11 сотталғанның жазасы жеңілдетілді. Бұл туралы Өскемен қалалық пробация қызметі хабарлады.

Өскемен қалалық пробация қызметінің негізгі мақсаты қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғалардың арасында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады. Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандармен идеологиялық жұмыстар жүргізген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу болып табылады, – дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Ажар Оразғалиева.

Оның айтуынша, Өскемен қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан тәртібі жақсы болған, есепте тұрған уақытта жақсы мінез-құлық танытқан азматтардың жазған қолдау хаттарына сәйкес, іс-құжаттары сотқа жіберіліп, 11 сотталған мерзімінен бұрын босатылған екен.

Мерзімінен бұрын босатылғандардың арасынан мысал келтіретін болсақ, сотталған бір тұлға өзінің мінез—құлқымен, жүріс-тұрысымен түзелгенін наурыз айының 12-18 аралығында пробация қызметі жүргізген жергілікті «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде дәлелдеп, Өскемен қалалық №2 сотының қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, – деп қосты Ажар Оразғалиева.

Осы айдарда

Back to top button