Қоғам

Өскемен тұрғыны биліктегілерге ерекше ұсыныс тастады

Кешелі бері әлеуметтік желіде Риддердегі өрт жайлы ақпарат тарап жатыр. Қураған шөптен басталған өрт Лесхоз кентіне жайылып, 35 үй отқа оранды, орман өртінді. Осыған байланысты облыс тұрғындары барынша көмектесуге тырысып жатыр. Бірі азық-түлік пен киім-кешек жеткізсе, енді бірі дәрі-дәрмек жеткізіп беруде. Ол ол ма, тіпті салынып бітпеген ғимаратты аяқтап, риддерліктерге берейік деген ұсыныс тастағандар да бар.

  • Барлығымыз Риддердегі болған жайт туралы хабардармыз. Осыған байланысты мен ШҚО әкімдіге ұсыныс айтқым келіп отыр. Мен бастаған ЖШС меншігінде, Өскемен қ, Согринская көшесі 223/42 мекенжайында құрылысы аяқталмаған әскери бөлім бар. Бөлім әкімшілік ғимараттан және әскери тұрақтан тұрады. Барлығы 3800 шаршы метр және 1000 шаршы метр цехы, 1 га аумағы бар. Егер әкімдік аяқталмаған құрылысты жалғастырып, тұрғындарға береміз десе, тегін беруге дайынмын, – дейді ғимарат басшысы Исатай Аңсат.

Әлеуметтік желіде биліктегілерге ұсыныс тастаған азаматтың бұл әрекетін қолдап жатқандар көп. Алайда Риддер халқы туған жерін тастап шаһарға келе ме, ол жағы біз үшін беймәлім.

Балауса Мэлс

Осы айдарда

Back to top button