Қоғам

Өскемен тағы да қызыл аймақта

ШҚО-да Даниал Ахметовтың қатысуымен облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 
Отырыста Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы коронавирустық инфекцияның таралуы аймағы бойынша қызыл аймаққа енгені белгілі болды. 

— Семей мен Өскемен түсінікті. Ал халық саны анағұрым аз Аягөз ауданында неге бұлай өршіп кетті? Бұған қарсы қандай шаралар атқарылып жатыр?  – деді Даниал Ахметов өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Қанат Тұрдиевқа.
ШҚО бойынша бас мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық дәрігер аталмыш өңірлерге және жалпы қаулы әзірленіп жатқанын жеткізді.
– Ауданның әкімдері, СЭҚ департаменттерімен жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірқатар ірі мекемелер карантинге жабылды,  — деді Қанат Тұрдиев.
Айта кетейік, 19 сәуір күні облыстың 7 аудан, қаласында 67 адамнан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 диагнозын расталды, оның 51-і ауру белгілері бар науқастар, 16-сы ауру белгілері жоқ науқастар.
25 – Семей қаласы;
23 – Өскемен қаласы;
11 – Аягөз ауданы;
3 – Көкпекті ауданы;
2 – Глубокое ауданы;
2 – Шемонаиха ауданы;
1 – Жарма ауданы;
Сондай-ақ, тәулік ішінде вирустық пневмониямен 6 науқас тіркелді: Өскемен қаласы – 1, Алтай ауданы – 3, Ұлан ауданы – 1, Шемонаиха ауданы – 1.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button