Қоғам

«Өскемен – Семей» тасжолына жылдамдық өлшейтін құрылғы қойылды

 

«Өскемен – Семей» тасжолына жылдамдық өлшейтін жаңа жабдық орнатылды. Бұл құрылғы Өскемен әуежайы жөндеуге жабылып, аталмыш бағытта қатынайтын көлік көбейгендіктен қойылып отыр.

– Өскемен мен Семей арасында жүретін көліктер 4073-тен 5473-ке дейін ұлғайды. Соның салдарынан жол-көлік оқиғасы артты. Көліктер көбінесе жылдамдықты шамадан арттырады немесе маневр қағидасын жиі бұзады. Қауіпсіздік сақтау, апат жағдайын азайту үшін әкімшілік полиция ұйғарымға келіп, «Қазақавтожол» компаниясының көмегімен жылдамдық тіркейтін стационар жабдық орнатылды, – деп жазылған Полиция департаментінің баспасөз құралдарына таратқан ақпаратында.

Жүйе автоматты режимде жұмыс істейді. Ресми ақпаратта жазылғандай, ереже бұзу тіркелген жағдайда көлік иесіне міндетті нұсқама жіберіледі.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button