ҚоғамТОП

Өскемен өркендейтін болады

30 тамыз – Өскемн қаласының туған күні. Осынау атаулы күнге орай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан универститетінде Өскемен қаласының қалыптасу тарихы мен амуына ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға универститет ғалымдары, мемекетті органдардың жетекшілері мен кәсіпкерлер, туристік саланың өкілдері мен студенттер қатысты.

Бұл конференцияны өткізуде көптен жоспарлаған едік. Тиісті мамандарды жинап, болашақта қаламыздың көркеюі туралы ақылдасып кеңесу үшін осындай конференция өткізу – менің негізгі мақсаттарымның бірі болатын. Қаланың дамуы, қаланың болашағы туралы жәй адамдармен емес, ғылыми негізі бар өзінің ұсынысын айтатын мамандармен ақылдасу керек болды, – деп сөзін бастаған қала әкімі Жақсылық Омар қаланың тарихы мен атауына байланысты да өз ойын ортаға салды.

Иә, қаланың тарихы мен атауына баланысты алуан түрлі пікір бар. Біреулер осынау шаһардың мыңжылдық тарихы бар десе, тағы біреулер ол тарихты 300 жылмен шектегісі келеді. Қазіргі күні Өскеменнің тарихи атауы Кеңгіртұра деген де дерек бар.

Жалпы «Өскемен» деген сөз мен осы жерде өстім дегенді білдіреді. Бұл менің – қалам, менің – ортам, менің – жерім деген сөз. Барлығымыз осы жерде өскенбіз. Бұл қала бізге өте қымбат. Осы қаланың патриоты ретінде сіздерді бір нәрсеге шақырғым келеді. Меніңше, бұл мәселеге соншалықты қатты мән беріп керегі жоқ. Біз қаланың болашағы туралы көбірек ойлауымыз керек. Ертең қалай дамиды? Бұл қаланы қаай көркейтеміз? Сондықтан да осы мәселеге тоқтау салу керек секілді, – деді қала әкімі.

Жалпы соңғы жылдары шаһар шаруашылығы түзеліп, дамып, көркейіп келе жатқаны рас. Қала көшелері кеңейіп, жаңа саябақтар салынып, көпқабатты үйлер бой көтеріп, шағын аудандар пайда болып, қала қарқынды дамуда. Десе де «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, мамандармен ғалымдармен бірлесе ойласататын, кеңестеін мәселелер жетерлік.

Конференцияда қала әкімі қаланы дамыту бойынша алдағы жоспарларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының мәдени-тарихи дамуы туралы ҚАЕУ-дің доценті Лидия Турова, тұрғын үй кешендерін жобалау және құрылысын жүргізу бойынша» АванГардПроектИнжиниринг» ЖШС директоры Олег Гармаш, көлік жолдарын жобалау, жол инфрақұрылымын дамыту бойынша «OST-proek» ЖШС-нің директоры Е.Елисеева, Өскеменде туризмді дамыту бойынша ресторатор Мұхтар Тойбазаров, Өскемен қаласындағы заманауи топономика туралы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дің ғалымы Гүлжан Сәрсенбаева өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

Өскемен қаласының экономикалық, мәдени-рухани, туристік жағынан даму мәселелерін талқылау одан әрі ғылыми-практикалық конференцияның секциялық отырысына жалғасты.

Мейрам Екпін

 

Осы айдарда

Back to top button