Қоғам

Өскемен мен Шүлбі ГЭС-і сатылмайтын болды

Үкімет «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінен кері қайтарып алды.

Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 772 қаулысымен енгізілген»  басым салалардағы жобаларды дамыту үшін БАӘ-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік құруды көздейтін заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алу туралы қаулы қабылдады. «Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінен кері қайтарып алынсын», делінген құжатта.

Аталған заң жобасы БАӘ-нің Шүлбі және Өскемен ГЭС-ін меншігіне сатып алуына қатысты болған. Бұған дейін бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан БАӘ инвесторларына Шүлбі және Өскемен ГЭС акцияларының 74,99%-ын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button