Қоғам
Өскемен мен Семейде биыл 60 мың түп ағаш егіледі. Жалпы өңір бойынша миллионға жуық көшет отырғызылмақ.
Облыс әкімі Даниал Ахметов көгалдандыру жұмысына атсалысуға тұрғындарды да үндеп отыр. Коммуналдық қызметтер жол бойына, алаңдар мен саябақтарға, ал жұртшылық өз аулаларына ағаш егуі тиіс.