Өскемен-Алтай: 1,5 сағат

ШҚО тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Әсіресе…
Енді Алтай ауданына дейінгі жол қысқарады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов аймақ жұртшылығымен өткен онлайн кездесу барысында мәлімдеді.
Аталмыш тас жолды осыдан бірнеше жыл салып бастаған еді, алайда құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Аймақ басшысының айтуынша, мердігер жұмыстан бас тартқан екен.
– Жолдың құрылысы жалғасады, Биыл түзетулер бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы аяқтаймыз. Өкінішке қарай, мердігер кетіп қалды. Осы жылы жаңа тендер жарияланады, келесі жылы жұмыстарды толықтай аяқтаймыз. Осинов асуының жанынан өтіп, сол жаққа қарай Цемент зауытының тұсынан шығамыз, 10 шақырымға жақындайды, – деді Даниал Ахметов.
Жолдан өту уақыты ары кеткенде 20 минутқа созылады екен. Демек, біз Өскеменнен Алтай қаласына дейін шамамен 1,5 сағатта жетіп қоямыз.
Didar ақпарат