Қоғам

Өрт 40 гектарды шарпыған

Курчатов қаласының маңайындағы жазық дала отқа оранды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  мәліметінше, өрт 40 гектар аумақты шарпыған. Құтқарушылар тілсіз жаумен түні бойы арпалысыпты.

Маусымның 2-сі күні кешкі сағат жетілерде тұтанған өртті сөндіру жұмыстарына үш арнайы техника мен 15 адам жұмылдырылған екен.

Жоғарыда айтқанымыздай, өрт сөндірушілер мен еріктілер тобы тілсіз жаумен түні бойы күрескен. Белгілі болғандай, қызыл жалын 3 маусымда таңғы сағат бестер шамасында ғана ауыздықталыпты.

Мамандар өртке жол жиегіне лақтырылған сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелер себепші болуы мүмкін екенін айтуда.

«Балаларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру қажет. Далалы аймақта шөптің күйіп кетуіне жол беруге болмайды. Мамықты өртеу де аса қауіпті. Өрт болған жағдайда дереу 101 және 112 телефондарына хабарласу қажет», – деп ескертеді департаменттен.

 

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button