Қоғам

Облыстық Хамит Балшабеков оқулары өтті

Байқау

Өлең ғұмырын өскен өңірінде ғана өткізіп, туған жерін жырына арқау еткен ақындардың қатары аз. Сондай сүбелі жыр иелерінің бірі – Хамит Балшабеков. Ақын «Жылқышы әні», «Өмір мен саған ғашықпын», «Қантамыр», «Балтамыр», «Шұғыла көңіл» жыр жинақтарымен жұртқа таныс. Ақынның артында қалған осынау жыр мұрасын жұртқа насихаттау мақсатында тұңғыш рет «облыстық хамит оқулары» өтті.

Қаламгердің жиырмадан астам өлеңдеріне әуен жазылып, жұрттың сүйіп тыңдар әніне айналған. Құлақ құрышын қандырар әндерінің ішінде «Мұзтаудың мұзбалағы», «Ұрпақ дауысы», «Әнші қыз», «Қосқарагөз», «Қос бұрым», «Жалши әні» қатарлы туындылары жұртқа етене таныс. Ақынның еліне сыйлаған осынау рухани мұрасын ұрпаққа насихаттау мақсатында өткен байқауды Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған. «Ақын жаққан бір шырақ сөнбесін деп…» аталған Хамит Балшабеков оқуы онлайн форматта өтті.

– Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – тіл мәдениетін көтеріп, жерлес қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау. Сондай-ақ талантты жастарға қолдау көрсету. Кітапхана рухани шаңырақ болғандықтан Шығыс Қазақстан облысының әдеби мұрасын сақтауға үлес қосу, – дейді кітапханашы Гүлбаршын Тілегенқызы.

Байқауға 16-30 жас аралығында өнерлі жастар қатысып, бақтары мен баптарын сынға салған. Ақын шығармашылығын дәріптеуге арналып тұңғыш рет ұйымдастырылған байқауға 45 жұмыс келіп түскен. Сайыс «ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу», «ақынға арнау өлеңдер» және «эссе жазу» қатарлы үш номинация негізінде өтті. Алайда қазылар алқасы оқушылар мен ересектер деп қатысушыларды екі топқа бөліп бағалаған. Дүбірлі додаға ақынның баласы Мерей Хамитұлы арнайы қатысып, байқауға қатысқан жастарға ақ тілегін айтып, лебіз білдірді.

Өнерімен өзгеден озып шыққандар жүлдегерлер қатарынан табылып, марапат және ақшалай сыйлықтарға ие болды

 «Көркемсөз оқу шебері» номинациясымен марапатталады:

– Қажиакберова Аружан (Өскемен қаласы) – 15 000

– Табынқызы Шыңдар (Зайсан ауданы, Дайыр ауылы) – 15 000

– Амангелді Нұрдәулет (Зайсан ауданы) – 15 000

Оқушылар арасында:

3-орын – Қуанышқызы Лира (Зайсан ауданы, Біржан ауылы) – 20 000

2-орын – Манарбекқызы Аяжан (Зайсан ауданы, Қаратал ауылы)

– 30 000

1-орын – Болатбекұлы Аңсар (Тарбағай ауданы, Ақсуат ауылы) – 40 000

Ересектер арасында:

3-орын – Дарханқызы Ақерке (Шемонаиха қ) – 20 000

2-орын – Карибжанов Ақәділ (Бородулиха ауданы) – 30 000

1-орын – Таңат Қасым (Өскемен қаласы) – 40 000

Бас жүлде – Мейірхан Уәлихан (Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы)

– 50 000

«Хамит Балшабековке арнау өлеңдер» номинациясы бойынша жеңімпаздар марапатталады.

Оқушылар арасында:

3-орын – Қадырбек Айнаддин (Зайсан ауданы, Біржан ауылы) – 20 000

2-орын – Тажиев Әділ (Катонқарағай ауданы) – 30 000

1-орын – Секенова Жаннұр (Глубокое ауданы, Опытное поле ауылы)

– 40 000

Ересектер арасында:

3-орын – Тұрсынбай Ербол (Жамбыл облысы) – 20 000

2-орын – Исағұлқызы Дана (Өскемен қаласы) – 30 000

1-орын – Жалелов Дәулет (Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы) – 40 000

Бас жүлде – Елсінбекқызы Бағжан (Глубокое ауданы, Предгорное ауылы) – 50 000

Ақын шығармашылығы туралы «Эссе жазу» номинациясы бойынша марапаттар тапсырылады.

Оқушылар арасында:

3-орын – Ерлан Әлинұр (Тарбағай ауданы, Ақсуат ауылы)

2-орын – Билялова Нұрай (Өскемен қаласы)

1-орын – Бәгөшева Ажар (Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылы)

Ересектер арасында:

3-орын – Сүлейменова Замира (Өскемен) – 20 000

2-орын – Жекей Дәулетберді (Өскемен) – 30 000

1-орын – Кеңесхан Роллан (Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы) – 40 000

Бас жүлде – Серікхан Айғаным (Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылы) – 50 000

Қызырбек Дүргінбайұлы

Осы айдарда

Back to top button