Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының үндеуі
Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген президиумына қатысушылар «Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі референдумды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы» мәселені қарастырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдау туралы шешімді бірауыздан қабылдады.
Мемлекет басшысы «Конституцияға енгізілген түзетулер – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа тарау болмақ. Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулер еліміздің дамуына және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, – деп атап өтті.
Референдум Республиканың әрбір азаматына Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Референдумның қорытындылары қоғамдық пікірдің көрінісі болады және елдің саяси кеңістігінде жаңа болмысты қалыптастырады.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы 220 мыңнан астам ардагердің атынан шығысқазақстандықтарды алдағы референдумға қатысуға шақырады.
Біз өзіміздің белсенді азаматтық ұстанымымызды көрсетуге тиіспіз. Өйткені біздің мақсатымыз – жаңа Қазақстанды құру!
Еліміздің болашағы әрқайсысымыздың таңдауымызға байланысты!
Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төралқасы