Қоғам

Облыстық келісім мен ұжымдық шарттардың артықшылықтары

2021 жылғы 12 наурызда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында әлеуметтік әріптестер ел Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған бас келісімге қол қойды.

Облыста 11255 ұжымдық шарт жасалды немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 73,2%-ы қамтылды, жеті салалық келісім қолданыста, 2021 жылы 2021-2023 жылдарға арналған облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақтар бірлестіктері (қауымдастықтар, бірлестіктер) («ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ, «Қазақстан кәсіподақтары достастығы «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің АКБФ) және жұмыс берушілердің бірлестіктері (тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы (АММК), «ҚР жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) Ұлттық конфедерациясы» ЗТБ, «АГРО» тауар өндірушілер қауымдастығының ШҚО филиалы, «ШҚО бойынша орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының Өңірлік Қауымдастығы» ЗТБ) арасында облыстық келісімге қол қойылды.

Еңбек кодексі базалық еңбек стандарттарын, ең төменгі кепілдіктер мен қызметкерлерге өтемақыларды белгілейтіні белгілі. Әлеуметтік әріптестік тараптары салалық және өңірлік келісімдер жасасу жолымен Еңбек кодексінде көзделген еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктерді көздеуге құқылы.

Облыстық келісім экономикалық саясатты нығайту, еңбек қатынастарын, дауларды реттеу, тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбекақы төлеуге лайықты жағдайлар жасау жөніндегі пәрменді тетік болып саналады.

Облыстық үшжақты келісімнің жобасын әзірлеу кезінде жалақы, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарының уақтылы төленуіне қоғамдық бақылауды күшейтуге баса назар аударылды. Үшжақты комиссияның жұмысы әлеуметтік әріптестікті дамытуға, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуге бағытталатын болады. Облыстық келісім ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринарлық қызметтер саласының мамандарына жәрдемақы деңгейінің белгілі бір өсуін көздейді. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді, қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын техникалық инспекторларды материалдық ынталандыру анықталды. Сондай-ақ өзгерістер «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң бойынша құқығы бар адамдарға қосымша еңбекақы төлеуге және қосымша ақылы еңбек демалысына қатысты болды.

Кодекстің 154-бабының 3-тармағына сәйкес, өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарына, жұмыс берушілеріне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.

Өңірлік келісім әлеуметтік әріптестік тараптары арасында жасалатын, өңірлік деңгейде жұмыскерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі Тараптардың мазмұны мен міндеттемелерін айқындайтын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт болып саналады. Келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау барлық тараптар үшін міндетті. Осыған орай өңірлік келісімнің күші тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің барлық жұмыс берушісіне, қызметкерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады.

Осыған байланысты өңірлік келісімде көзделген әлеуметтік кепілдіктерді көздеу үшін ұжымдық шартқа уақтылы толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг үшін еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға ұсынылады (Кодекстің 156-бабының 11-тармағы).

Ғалия Құрманбекқызы,

мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы

Осы айдарда

Back to top button