Облыстық ветеринария басқармасының жаңа басшысы
Облыс әкімінің өкімімен Асқар Жақыпбаев облыстық ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Асқар Жақыпбаев 1963 жылдың 22-қазанында Аягөз ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Семей мал дәрігерлік-ветеринариялық институтын «ветеринария, мал дәрігері» мамандығы бойынша және 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы және кредит, экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Аягөз ауданы, Мыңбұлақ кеңшарының жұмысшысы ретінде бастаған, кейін сол шаруашылықта мал дәрігері, бас мал дәрігері болып жұмыс істейді. 1994 жылдан Аягөз ауданы бас мал дәрігерінің орынбасары, 1997 жылдан Семей облысы ауыл шаруашылығы департаментінің бас маманы болып қызмет атқарады. 1998 жылы Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария комитетінің бас маманы, кейін бөлім меңгерушісі болып тағайындалады. 1999 жылы облыстық ветеринария зертханасы директорының орынбасары, облыстық ветеринариялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы, облыстың бас ветеринар инспекторы лауазымдарын атқарған. 2002 жылдан Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық инспекциясы басшысының орынбасары болды, 2009 жылдан аталмыш инспекцияның басшысы. 2011 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып еңбек етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі