Облыстағы 100-ші мешіт Ақсуатта ашылды
![Облыстағы 100-ші мешіт Ақсуатта ашылды Облыстағы 100-ші мешіт Ақсуатта ашылды](http://didar-gazeti.kz/uploads/posts/2016-08/1470280442_sam_0010-kz.jpg)
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ақсуатта облыс өңіріндегі 100-ші мешіт ашылды. Осы жылдар ішінде еліміздегі дін саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылған .
Мәселен, егемендіктің алғашқы жылдарында елімізде 68 мешіт болса, қазір оның саны 2300-ге жеткен. Ал облыс бойынша осыған дейін 99, Тарбағатай ауданында 24 мешіт болды. Ақсуатта таяуда ашылған Алланың үйі 25-ші, облыста 100-ші болып тіркелді.
Мешіттің ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Мешіттің лентасын облыстық «Халифа-Алтай» мешітінің бас имаммы Ермек қажы Мұқатай, аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қиды. Ақсуат мешітінің сәулеті айшықты, тұрған жері аудан орталығының тұрғындары үшін аса қолайлы. Осынау сауапты істі жүзеге асырған ауданның белді азаматтары Тұрсын Тастекеев пен ғимараттың қаржылық шығынын көтерген Дулат Тастекеевке тарбағатайлықтар ризашылықтарын білдірді.
Қадырбек Кәкімұлы
Тарбағатай ауданы